Харьковте пошта терминалын атқылап, 6 адам қаза тапты
Харьковте ресейлік зымыран пошта терминалын атқылап, кем дегенде 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы облыстық әскери басқарма хабарлады.
Оның айтуынша, 14 адам жарақат алған.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Пошта терминалына зымыран соққысынан кейін қоқыстарды тазалау жалғасуда. Жараланғандар саны 16-ға жетті
Зардап шеккен 7 адамның жағдайы ауыр. Бұл соққыға Белгород облысының аумағынан ұшырылған S-300 зымыраны себеп болды, деп хабарлайды Харьков облысының прокуратурасы.
«Новая Пошта» Facebook парақшасында видео жариялады. Хабарламада терминал жұмысшыларының «сиреналар бірнеше секунд бұрын естілгендіктен қашуға мүмкіндігі болмады» делінген.
Украина президенті Владимир Зеленский қаза болғандар мен зардап шеккендердің жақындарына көңіл айтты.
Украина мемлекетінің басшысы Ресей Федерациясына қысымды күшейтуге шақырды.