Жер бетіндегі бала туу көрсеткіші төмендейді
Жер бетіндегі бала туу көрсеткіші төмендейді. Бұл кедей елдер үшін қосымша ауыртпалық болмақ. Lancet медициналық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, барлық дерлік елдердегі ұрпақты болу деңгейі ғасыр соңына қарай әлем халқының орнын толтыру үшін тым төмен болады, - деп хабарлайды Arbat.media.
2050 жылға қарай дүние жүзіндегі 204 ел мен аумақтың 155-інде туу көрсеткіші халықты ауыстыру деңгейінен төмен болады. Зерттеушілер 2100 жылға қарай бұл 198 елде болады деп есептейді.
Демографтардың болжамы 1950-2021 жылдар аралығында жиналған сауалнамалар, санақтар және басқа да деректер көздеріне негізделген.
Оның үстіне балалардың көпшілігі кедей елдерде дүниеге келеді.
Ғалымдар бұл тенденцияларды «бэби бум» және «бэби құлдилау» деп атайды.
Сиэтлдегі Вашингтон университетінің денсаулықты өлшеу және бағалау институтының аға ғылыми қызметкері Стайн Эмиль Фоллсеттің пікірінше, «бэби бум» экономикалық және саяси тұрақсыздыққа бейім табысы төмен елдерде шоғырланады.