1 қаңтардан бастап құжаттардың бағасы өзгерді
1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш артып, 3 692 теңге болды. Осыған байланысты азаматтар алатын жеке куәлік, туу туралы куәлік сынды құжаттардың құны көтеріліп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Былтыр АЕК мөлшері 3 450 теңге болған еді. Биыл ол 242 теңгеге артып отыр.
Жеке куәлік құны — 0,2 АЕК.
Былтыр ол 690 теңге болса, биыл 738 теңгеге жетті.
Жүргізуші куәлігін алу үшін (1,25 АЕК) 4 615 теңге шығындайсыз.
Ал төлқұжаттың 36 және 48 беттік екі түрі бар.
Біріншісінің құны — 8 АЕК немесе 29 536 теңге, екіншісі — 12 АЕК немесе 44 304 теңге.
24 беттік балалар төлқұжаты — 4 АЕК немесе 14 768 теңге.
Неке куәлігінің бағасы - 1 АЕК, яғни 3 692 теңгені құрайды. Түрлі себептермен қайтадан алу керек болса, онда 1 846 теңге жұмсайсыз.
Балалардың туу туралы куәлігі тегін беріледі.
Алайда жоғалтып алып, қайтадан жасатсаңыз 1 846 теңге төлеуіңізге тура келеді.
Ал ажырасуға өтініш беру 2 АЕК-ті немесе 7 384 теңге болды.