1 желтоқсанда еліміздің 17 өңірінде күн райы бұзылады
"Қазгидромет" РМК 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер қыстың алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
1-2 желтоқсанда Жамбыл облысында тұман болады. 1 желтоқсанда күндіз тәулік бойы, 2 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында тұман болады.
Астанада 1 желтоқсанда тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысыныңсолтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және орталығында да тұман болады.