13 жастағы бала тізгіндеген көлік жол апатына ұшырады
15 қазан 2025 13:31 / Новости Казахстана
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Көліктердің бірін 13 жастағы бала басқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Алматы облысының Жалпақсай ауылында болған. ВАЗ бен Hyundai Grandeur көліктері соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті. Куәгерлер көлікті 13 жастағы бала басқарғанын айтты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ВАЗ жүргізушісі қиылысқа шығып, келесі көлікке жол бермеген. Нәтижесінде Hyundai бағанаға барып соғылған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік тізгіндеді деген жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаның ресми деректері мен себептері нақтылануда. Аймақтағы полиция департаменті қазірге ақпарат бермеді.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана