38 жыл түрмеде жазықсыз отырған ер адам ақталып шықты

14 мамыр 2025 10:25 / Новости Казахстана

Кісі өлтірді деген айыппен 38 жыл түрмеде отырған британдық Питер Салливан сотты жеңіп шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

1986 жылы 21 жастағы бармен Диана Синдалл Беркхенд қаласында өлі күйінде табылды. Ол жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Қызды әлдекім ұрып-соғып, зорлап, кейін өлтіріп кеткен. Бойжеткенді өлтірді деген айыппен 29 жастағы Питер Салливан ұсталды. Ол 1987 жылы түрмеге жабылды. Сотталған адам өзінің кінәсіздігін үнемі айтып, бірнеше рет шағым түсірді. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.

2021 жылы ер адам қайтадан апелляциялық шағым түсірді. Комиссия тағайындаған жаңа сынақтар нәтижесінде ер адамның кінәсіз екені анықталды.

13 мамырда Питер Салливанға тағайындалған үкімнің күші жойылды.

Уэйкфилд түрмесінен бейне тыңдауға қатысқан Питер Салливан жылап жіберді.

«Мен 38 жыл жасамаған қылмысым үшін бас бостандығынан айырылдым. Мен ашуланбаймын. Мен өзімнің жақындарым мен отбасыма ертерек оралуым керек. Өйткені мен қалған уақытты тиімді пайдалануым керек»,– деді Питер Салливан.

Ер адам қазір 68 жаста.

Серіктес жаңалықтары