14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап бұршақ пен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс аймақта қатты жаңбыр жауады. Кейбір өңірде шаңды дауыл күтіледі.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы күндіз 7-12, түнде 3-8 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ашық. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің екпіні 5–10 м/с-ге жетуі мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: