400 млн теңге аударылған: Ақтөбеде есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен дропперлер тобы ұсталды

2 қараша 2026 15:19 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Тергеу дерегінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде ақша айырбастайтын топ құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Топ мүшелері тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударып отырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Интернет-дүкен операторлары тапсырыс ақысын төлеу үшін сатып алушыларды осы айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін оларға есірткі жасырылған орындардың координаттары жіберілген. Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін дропперлердің атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған.

Түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған.

Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асқан. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең. Қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары