50-мен жүрмегені үшін салынған айыппұл кешірілді
50-мен жүрмегені үшін салынған айыппұл кешірілді. Сергек камераларының баптауына шектеу енгізілгенімен, жол бойына жылдамдықты 50-ге дейін шектеу керектігі туралы белгі орнатуды ұмытып кеткен сыңайлы. Алматыда бес мыңнан аса автобус жүргізушісіне ұйғарым келген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кейбірі жағдайдың байыбына бармай айыппұл өтеген. Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен енгізілген жылдамдық режиміне қатысты өзгерісті жүзеге асыруда олқылық кеткенін Бас прокуратура анықтап отыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Құзырлы орган ережеден хабарсыз болған жүргізушілердің талап-арызын қанағаттандырған.
Енді 29 шілдеден бастап келген ұйғарымдар бойынша көлік иесі жеке шағым түсіруіне болады дейді прокуратура.
Райымбек Шәріпбаев, Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі:
— Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылып, 3102 кәсіпкердің және 1995 азаматтың құқығы қорғалды.Сонымен қатар айыппұл төлеу туралы нұсқамамен келіспеген көлік иелері оған жоғары тұрған органға немесе сотқа дербес шағымдануға құқылы.