9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
25 желтоқсан 2023 23:32 / Новости Казахстана
Өскемен қаласында фельдшер Аяулы Сейсағатова 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 46 жастағы әйел адамның подъезде өзін біртүрлі ұстап жүргенін көрген көршілері жедел жәрдемге хабарласқан.
Көпқабатты үйге дәрігер Ермұхамет Дикенов пен фельдшер Аяулы Сейсағатова келіп жетті.
Олар әйел адамның тоғызыншы қабаттан секірейін деп тұрғанын көрген.
«Шұғыл әрекет еткен Аяулы әйелді шап беріп ұстап, терезеден түсіріп алды. Содан кейін ол медициналық мекемеге жеткізілді» делінген ақпаратта.
Қала тұрғынының не себепті ондай қадамға бармақ болғаны әзірге белгісіз.
Әйел адаммен мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: 37 қылмыстық іс қаралып жатыр
6 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана
Иордания королі Қазақстанның жаңа орденін тұңғыш болып иеленді
6 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
6 қарашаға арналған ауа райы болжамы
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана