Абай облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды
19 наурыз 2026 15:20 / Новости Казахстана
Абай облысында полицейлер алаяқтық қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияға Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны жүгініп, 2025 жылдың ақпан айында алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеді.
Тергеу барысында 44 жастағы әйел диплом алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 мың теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
6 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана
Иордания королі Қазақстанның жаңа орденін тұңғыш болып иеленді
6 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
6 қарашаға арналған ауа райы болжамы
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана