АЭС — Қазақстан халқы өзі таңдау жасайды

27 маусым 2024 16:12 / Новости Казахстана

Елімізде АЭС салу референдумына қатысты сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  пікір айтты. Оның айтуынша, экономикамызды дамытудағы қазіргі проблемалардың бірі электр энергиясының тапшылығы, экономикамызды екі есе ұлғайтамыз деген жоспар бар, электр энергиясының бұдан да көбірек көлемі керек, егер энергия көзі болмаса, онда бұл жағдай үлкен проблемаға алып келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Цифрлық техннологияларды, жасанды интеллекті, өндірісті дамытуға қосымша энергия керек. Бұл мәселені тұрақты түрде шешудің бірден бір жолы – Қазақстанда атом электр станциясын салу. АЭС керек пе немесе керек емес пе? Шешімді халық жасайды. Біз билік тарапынан ұсыныс айтқанымызбен, ары қарай Қазақстан халқы өзі таңдау жасайды. Тиісті ақпарат таратылып, осы бастаманың мән-жайы түсіндірілетіні анық. Референдумға орай түрлі әлеуметтік топтар, сарапшылар өздерінің пікірлерін айта жатар. Халық осы ақпаратты қорытып, шешім қабылдайды. Қазақстандықтар бұл рефрендумда өздерінің ұстанымын нақты көрсетеді деп сенеміз. Бұл бағытта нақты шешімді халық қабылдайды», - деді Сенат төрағасы. 

 

«

Серіктес жаңалықтары