«Алаяқтықтың жаңа түрі»: Жалақысы жоғары бос жұмыс орнын ұсынады

1 қараша 2025 16:29 / Новости Казахстана

Алаяқтар жалақысы жоғары бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлап, азаматтарға ескерту жасады.

«Интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде жоғары жалақысы бар жұмыс орындарын ұсынады. Сонан соң іздеушілерге жалған сайттарға сілтеме, жеке деректерді жинауға арналған сауалнама жіберіп немесе күмәнді «мобильді қосымшаны» орнатуды сұрайды. Бұл алаяқтарға банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шет елдерде және IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарда жұмыс істеу туралы ұсыныстар болуы мүмкін», - делінген мәлімдемеде.

Мұндай схеманың соңы еңбек және сексуалдық құлдық, қанау және зорлық-зомбылық секілді қауіпке ұшыратуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары