Алматы маңында «Қамчыбек Көлбаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды

14 қыркүйек 2025 9:02 / Новости Казахстана

Алматы маңында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.

Жалпы қыркүйектің басынан бері іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 із-түзсіз кеткен адамның орналасқан жері анықталған.

Сонымен қатар, Астанада жалпы сомасы 160 миллион теңгеден асатын бірнеше алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам ұсталды. ТМД елдері мен алыс шетел үшін 28 қылмыскер қолға түсті. Ал елорда әуежайында Молдова Республикасы ІІМ 2013 жылдан бері іздестірген, Молдова азаматына 150 мың доллар көлемінде ақша бопсалап, ұрлағаны үшін айыпталған ресейлік ұсталды.

Серіктес жаңалықтары