Алматы облысында бір ауылдың тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тартты

24 сәуір 2024 12:46 / Новости Казахстана

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бауыржан Аленовтың мәліметінше, игі істі ауылдың ардагерлер мен аналар кеңесі мүшелері және Полиция басқармасы бірлесіп қолға алған. Ауылдың кәсіпкерлері де қарсы болмаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Еліміз бойынша жасалған қылмыстың үштен бірі ащы су салдарынан болған. Ақши ауылында 7 мыңға жуық халық тұрады, 16 дүкен толықтай арақ сатудан бас тартты. Бұл бастама ауыл бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына оң әсерін тигизетіне сенімдімін. Алматы облысы тұрғындарын «Арақсыз ауыл» жобасын қолдауға шақырамын», - деп жазды Бауыржан Аленов.

 

Серіктес жаңалықтары