Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен жол апатына ұшырады
13 қыркүйек 2025 10:22 / Новости Казахстана
Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға “Сокол" саяжай қоғамының аумағында болған. Балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.
Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.
Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушылар жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.
16 шілде 2026 17:18 / Новости Казахстана
Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба?". Әзілкеш Қанат Тасыған әнші Мейрамбек Беспаев туралы ел білмейтін дүниені айтты
16 шілде 2026 16:14 / Новости Казахстана
Кәріз құбырына жаңа туған сәбиін ағызып жіберген әйел туралы тың дерек шықты
16 шілде 2026 15:48 / Новости Казахстана
Гүлзира Айдарбекова денсаулығына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
16 шілде 2026 14:19 / Новости Казахстана
Алғаш рет жол қызметкері адам өліміне әкелген көктайғақ үшін сотталды
16 шілде 2026 13:39 / Новости Казахстана
Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барды
16 шілде 2026 12:34 / Новости Казахстана