Алматы қаласының 36 пайызы жасыл желекпен қамтылған

26 қыркүйек 2024 2:20 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Алматының 25,4 мың гектары жасыл желекпен қамытылған. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Мирас Гайсин Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының II конференциясында айтты. Басқарма басшысының айтуынша, Алматы республикадағы ең жасыл қалалардың бірі. Мегаполистің 68 мың гектар аумағының 25,4 мың гектары немесе 36%-ы жасыл желекпен қамтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қалада аумағы 977 гектар болатын 542 саябақ бар. Алматыда шамамен 4 миллион жасыл желек өседі, ал жан басына шаққандағы көгалдандыру деңгейі 12 шаршы метрден асады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға қарай Алматыда жасыл қорды 6,5 миллион ағашқа дейін арттыру жоспарланып отыр», — деді Мирас Гайсин.

Биыл 4 нысанның құрылысы қолға алынып, келесі жылы 6 жаңа саябақ салынатынын және қолданыстағы алтауы қайта жаңартылатынын атап өтті. Жаңа саябақ аймақтарының бірі — Сайран көлінің аумағы, онда қазіргі уақытта жұмыстар жүріп жатыр. Келер жылдың көктемінде Сайран жағалауы бойына 4 мың ағаш, 300 мың шаршы метрге түрлі шөптер отырғызылады және 7 мың шаршы метр қоршаулар мен гүлзарлар орнатылады.

 

Серіктес жаңалықтары