Алматы тауларында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

20 желтоқсан 2025 14:22 / Новости Казахстана

Марқұм 19 желтоқсан соңғы рет шамамен сағат 16:00-де әпкесімен байланысқа шыққан. Сол кезде Букреев шыңынан Pioneer курортына қарай түсіп келе жатқанын айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үстінде тауға арналған аяқ киім, қара түсті қысқы комбинезон, дулыға болған. Ал қолына сноуборд алып жүрген. Туыстарының айтуынша, қыз бұл бағытпен бұрын да бірнеше рет жүрген. Pioneer курорты маңындағы бейнебақылау камералары оның таңғы сағат 6:30-да жолға шыққанын тіркеген. Алайда кері қайтып келген сәті жазбалардан көрінбеген.

Ал 20 желтоқсан Pioneer тау-шаңғы курорты қайғылы жағдайды хабарлады. Олардың мәліметінше, құтқару қызметі Букреев шыңы маңында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйітін тапты. Қажет сараптамалар аяқталғаннан соң сәйкестендіру жүргізілмек.

Мәліметке сәйкес, қыз тауға жалғыз шыққан екен.

Серіктес жаңалықтары