«Алматы жастары» бағдарламасының жауабы шықты

22 сәуір 2025 11:32 / Новости Казахстана

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 3400 жастың өтініші мақұлданды, деп хабарлайды Arbat.media.

Құжат қабылдау биыл 14-26 наурыз аралығында өтті. Барлығы 6600-ден аса өтінім түскен.

Іріктеуден өткен 3400-ден аса қатысушы банкке жолдама алды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, жұмыс істейтін жастар, республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен басқа да саланың мамандары бар.

Ең жоғарғы несие сома – 20 млн теңгеге дейін;

Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%;

Бастапқы жарна – 10%-дан аспайды.

Төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда қатысушылар 45 күн ішінде жаңа немесе нарықтағы екінші деңгейлі тұрғын үйді таңдай алады.

 

Серіктес жаңалықтары