«Жалғызбасты ана»: Меркіде газдан уланып көз жұмған үш қыз жерленді

Жамбыл облысы Меркі ауданында газдан уланып қайтыс болған 3 қыз жерленді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазір жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Деректер бойыншс, жалғызбасты ана жұмыс үшін балаларды үйде қалдырып кеткен. Ол Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында пәтер жалдап тұрған. Әйел жұмысына кетерде газ пешін қосып, балаларын үйде қалдырған. Сол күні ауа райы суық болған. Жұмыстан келгенде балалар уланып қалған. Оларды реанимациялау да мүмкін болмаған.

Мамандардың айтуынша, балалар ақауы бар пештен шыққан көмірқышқыл газына уланған. Мұндай газдан бірнеше минут ішінде улануға болады.

жамбыл газ уланды Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар