«Алматыда алғашқы қар»: 17 жол апаты тіркелді

5 қараша 2025 10:45 / Новости Казахстана

Полицияның мәліметінше, Алматыда 4 қараша сағат 18:00-ден 5 қараша таңғы 06:00-ге дейін 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Абырой болғанда қаза болғандар жоқ, 6 адам жарақат алған.

Жол апатының басым бөлігі қашықтықты сақтамау, жылдамдықты дұрыс таңдамау және жол қозғалысына қатысушылардың алаңғасарлығы салдарынан болған.

"Алғашқы қардың жаууы әдетте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қиындық тудырады. Мұндай жағдайда жолдың беті тайғақ болып, тежеу жолы ұзарады. Дегенмен көптеген жүргізуші ауа райы мен жол жағдайын ескермей, бұрынғы жылдамдықпен қозғала береді.

Біз барлығын өте сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға және жолдағы қауіпсіздік үшін әрбір адам жауапты екенін есте сақтауға шақырамыз", - деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Серіктес жаңалықтары