Алматыда кішкентай баланы жерге лақтырған жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

28 тамыз 2025 20:28 / Новости Казахстана

Алматыда кішкентай баланы жерге лақтырған жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматыда көшеде ойнап жүрген 2 жастағы баланы көтеріп, лақтырып жіберген жасөспірімнің үстінен 107-бап («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Алматы қаласының балалар уәкілі Диана Ерлан мәлімдеді.

Оқиға 23 тамызда Алматы үйлерінің бірінің ауласында болған. 13 жастағы жасөспірім ойнап жүрген екі жастағы баланы көтеріп, тас жолға лақтырып жіберген.

«Мен балалардың ата-аналарымен байланыстамын. Оларға психологиялық қолдау ұсынылды. Жәбірленуші тарап медициналық қолдаумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, одан әрі оңалту орталығында қаралатын болады. Бала үйде ата-анасымен бірге. 13 жастағы бала да ата-анасымен өщ үйінде», - деді балалар Диана Ерлан.

Сонымен қатар, уәкіл қазақстандықтардан заңды өкілдерінің келісімінсіз балалардың суретін таратпауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары