Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырды

20 қыркүйек 2024 19:32 / Новости Казахстана
Фото: Астана әкімдігі

Алматыда бір топ бұзақы автобустағы жолаушыны, одан кейін қоғамдық көліктің жүргізушісін ұрып тастады. Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан автобус салонында жолаушылар арасында жанжал шыққанын көруге болады. Оларды ажыратуға барған көлік жүргізушісінің өзі де соққының астына қалып, есінен танып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласының Полиция департаменті жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылардың кім екені және алдын ала мән-жайлар анықталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Almaty Sun-Times (@almaty.suntimes)

 

Серіктес жаңалықтары