Алматылық студент қоғамдық орында өзіне қол салды
Алматыда режиссер боламын деп жүрген студент өзіне қол салды. Қайғылы оқиға қоғамдық орындардың бірінде болған. Марқұм Алматы менеджмент университетінің үшінші курсында оқыған. Марқұмды ақкөңіл, ашық-жарқын жігіт еді деп сипаттады бүгін университет басшылары. Сабақ үлгерімі де жақсы болған екен. Өзіне қол салмас бұрын курстастарымен бірге киноға барыпты. Кинотеатрдан шыққан соң небәрі 20 жастағы студентті мұндай қадамға баруға не итермелегені әзірге белгісіз. Оның себебін енді полиция анықтайды. Суицид дерегі бойынша олар қылмыстық іс қозғаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Дидар Марданов, Алматы менеджмент университетінің коммуникация жөніндегі проректоры:
— Өкінішке қарай, бүгін таңертең осы ақпаратты алдық. Бізге полициядан хабарласып айтты. Студент біздің университетте медиа-кино мектебінде оқыды, режиссер мамандығында. Үшінші курс студенті. Ең алдымен әке-шешесіне, жақындарына көңіл айтқымыз келеді. Ол біздің университет үшін үлкен қайғы. Студенттеріміз, өзіміз, әкімшілік — бәріміз есімізден тана аздадық. Бар ақпаратым осы.