Анасы мен баласы экс-күйеубаласын өлтіргені 15 жылға сотталды
Атырау облысында бір әйел адамның 63 жастағы анасы мен інісі 15 жылға сотталды. Олар өз жақынын экс-күйеубаласынан қорғаймын деп істі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 2023 жылдың соңында басталды. Әйел адырасқаннан кейін ата-анасымен бірге тұра бастайды. Бірақ бұрынғы күйеуі әйел тұрған үйге шақыртусыз келіп, айқай-шу шығарып, әйелді ұрып кетіп жүреді.
Бір күні тағы сондай жағдай қайталанады. Ер адам экс-әйелі екеуін ажыратуға тынысқан бұрынғы енесін де ұрып тастайды. Полиция ер адамды ұстайды. Алайда ол қашып кетіп, жанжал шығарған үйге қайта оралады.
Ер адам мен әйелдің інісі төбелесе кетеді. Әйелдің анасы шуды тоқтату мақсатында ас үй пышағын қолына алады. Ер адам көшеге жүреді. 63 жастағы әйеллің ұлы артынан қуып, төбелес көшеде жалғасады. Кейін әйел қолындағы пышақты экс-күйеу баласына сұғады.
«Мен қызымды қорғадым. Егер мен араласпасам, ол оны өлтіруі мүмкін еді», - деді анасы соттағы соңғы сөзінде.
Сот 63 жастағы кейуана мен оның ұлын 15 жылға соттады.