Әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

6 қараша 2025 18:18 / Новости Казахстана

Қазақстандық әртістер тек телебағдарламаға түсу кезінде ғана фонограммамен өнер көрсете алады. Сонымен қатар, әншілер 200-ден көп көрермен бар жерде жанды дауыста ән шырқау керек, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы сенат аппаратының жетекшісі Максим Споткай хабарлады. Ол сенат мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау туралы заңға түзетулер енгізілгенін мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, 200 және одан да көп көрермені бар концерттерде вокалдық фонограммаларды пайдалануға тыйым салу туралы норма нақтыланды.

«Дауыстық (вокалдық) фонограммаларды тек телевизиялық контент жасау кезінде және концерттер өткізуге келмейтін жерлерде пайдалануға рұқсат етіледі.

Көрерменді дауыстық (вокалдық) фонограмманы пайдаланатыны туралы хабардар ету міндеті бекітілді. шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда пайдалану кезінде автордың аты-жөнін көрсету талаптары нақтыланды», - деп жазылған Максим Споткайдың Telegram-арнасында.

Серіктес жаңалықтары