ЕуразияБүгін, 13:40

Ұлыбританияда екі тұтқынды түрмеден қателесіп босатып жіберген

Полиция Лондон түрмесінен қателесіп босатылған екі тұтқынды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазан айының соңында «Уондсворт» түрмесінен 24 жастағы Алжир азаматы босатылған. Оқиға туралы қылмыстық атқару қызметі полицияға тек алты күн өткен соң ғана хабар берген.

Кейін Суррей графтығының полициясы сол түрмеден тағы бір тұтқын жаңсақ босатылғанын мәлімдеді. Бұл – соңғы апталарда болған осымен үшінші жағдай. Бұған дейін тәртіп сақшылары үш күн бойы Эфиопиядан келген заңсыз мигрант Хадуш Кебатуды іздеген болатын. Ол 26 қазан күні Лондонның солтүстігіндегі Финсбери-парк ауданында қайтадан ұсталып, өз еліне депортацияланды.

Лондон Париж Ұлыбритания тұтқын

Тақырыпқа жаңалықтар