Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы аударылып қалған

22 қараша 2025 18:40 / Новости Казахстана

Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы жолдан шығып, аударылып қалды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 қарашада шамамен сағат 12-де Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 239-шақырымында болған.

"Алдын ала деректер бойынша, "Ситрак" маркалы автотасмадаушының жүргізушісі Қостанай бағытына қарай жүріп бара жатқан. Ол маневр кезінде рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған", — деп хабарлады полиция.

Ведомство мәліметінше, оған сегіз жаңа көлік тиелген. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген.

"Жүргізуші Алматыдан Қостанайға бара жатқан және автовозбен Қытайда өндірілген жаңа көліктерді тасымалдаған", — деді полицияның баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары