Ақтау білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
20 қараша 2023 14:08 / Новости Казахстана
Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.
Жүргізілген жедел тергеу нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкере болды.
Ол аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тамақтандыру қызметін көрсету бойынша жасалған шарт шеңберінде орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.
Соттың санкциясымен күдікті қамауда отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана