Ақтауда 32 жастағы ер адам көлігінде жантүршігерлік жағдайда өлі табылды

16 маусым 2025 11:20 / Новости Казахстана

Ақтауда 32 жастағы ер адам өз көлігінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Осы уақытта марқұмның анасы әлеуметтік желілер арқылы жұрттан көмек сұрады. Әйел баласын өлтіріп кеткеніне сенімді.

“Жанайқай… Көмектесіңіздерші, кімде қандай ақпарат болса! 11 маусым, сәрсенбі күні ұлымды өлтіріп кетті. Мүмкін біреуде бейнежазба бар шығар: көлік - сұр түсті «девятка», мемлекеттік нөмірі - Р947НАМ. Бағыты: бесінші су сорғы стансасы, «Орбита» спорт кешені, өнеркәсіптік аймақ. Өтінемін, кімде қандай да бір ақпарат болса, көмектесіңіздер”, - делінген хабарламада.

Алайда ресми түрде кісі өлтіру нұсқасы әлі расталмады, бірақ жоққа да шығарылған жоқ. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалғанын, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары