“Тағы да ұшақ апаты”: Жолаушылардың бәрі қаза тапты
Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.
Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жалғыз адам жан сырын айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: