Ақтауда балықтан уланған 9 жасар баланың жағдайы ауыр

24 қыркүйек 2026 10:28 / Новости Казахстана

Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі ботулизм диагнозын қойған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бала ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ботулизмге қарсы сарысу да енгізілген.

Еске салайық, 19 қыркүйек күні Басқұдық ауылында ысталған балық жеп уланған үш ересек пен кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қалған науқастардың да жағдайы ауыр.

Серіктес жаңалықтары