Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы өліміне кінәлі деп сотталғандар бостандыққа шықты

11 қаңтар 2026 15:42 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы өліміне кінәлі деп сотталғандар бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қопа ауылында 11 және 10-сыныпта оқитын оқушылар 9-сынып оқушыларын "үлкендерге құрмет көрсетпеді" деген себеппен соққыға жыққан. Салдарынан 14 жастағы Нұржан көз жұмды.

Сот ұйымдасқан топтың ішінде үш жасөспірімді 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын, тағы екеуіне 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындаған.

Алайда кейін жазаны бас бостандығынан шартты жазаға ауыстырды.

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, осы үш сотталушыға тағайындалған нақты жазаны шартты жазаға ауыстырды. Яғни алқа қаулысымен олар бостандыққа шығарылып, жазаны еркіндікте өтейді, бірақ белгілі бір шектеулермен", – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары