Ақтөбе: Тасқынынан зардап шеккендерге бір жолғы төлем беріледі

5 сәуір 2024 9:32 / Новости Казахстана

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен төрт аудан тұрғындарына 369200 теңге, ал Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданы тұрғындарына 300 000 мың теңгеден бір жолғы төлем беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Біржолғы төлемді алу үшін қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласу қажет. Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Төтенше жағдай жарияланған басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК, яғни, 369 200 теңге беріледі. Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама, жедел штаб комиссиясының қорытындысын алып, жұмыспен қамту бөліміне тапсырады. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді. Егер анықтамадағы ақпарат расталса, үш жұмыс күні ішінде біржолғы төлем аударылады", деді Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова.

 

Серіктес жаңалықтары