«Ақтөбедегі ірі жол апаты»: Аман қалған 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

13 қараша 2025 13:31 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған ірі жол апатынан аман қалған 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінен шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Белқопа ауылының маңындағы жол апатынан аман қалған 16 жастағы жасөспірім осы аптада есін жиып, жансақтау бөлімінен шықты. Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Науқас Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реанимациясында ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер жасөспірім нің жағдайының оңалып келе жатқанын, бірақ алған жарақаттарының ауырлығына байланысты жасөспірім ұзақ уақыт медициналық көмекке мұқтаж екенін атап өтті.

Еске салайық, 23 қазанда таңертең республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолының 927-шақырымында, Белқопа ауылының маңында болған жол апаты салдарынан 12 адам қаза тапты. 4 қараша күні № 1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан үш адамның екеуі емін аяқтап, үйлеріне жіберілген еді.

Серіктес жаңалықтары