Ақжол Темірханның анасы ұлының ауруханада жатқан кезін еске алды

14 қазан 2026 17:30 / Новости Казахстана

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол Темірханның анасы Самал Кеуелова сарбаздардың ауруханада жатқан кезін еске алды. Оның әлеуметтік желідегі жазбасы көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Суреттегі Ақжол, Бекет және Никита — сол оқиғадан аман қалған сарбаздар. Ауруханада өткізген үш-төрт күнде Самал Кеуелова өз ұлымен бірге палатадағы екі жігітке де қамқор болып, үшеуін бірдей бауырына басқан.

Ананың айтуынша, сол қиын күндері туыстары ғана емес, бұрын танымаған адамдар да қол ұшын созған. Бірі тамақ жеткізсе, енді бірі хабарласып, сарбаздардың жағдайын сұрап отырған.

«Ағайын-туыстан бөлек, мүлде танымайтын адамдар да көмектесіп жатты. Бірі тамақ әкелсе, бірі жағдайымызды сұрап хабарласты… Қиындықта адамның кім екені емес, жүрегінің қандай екені көрінеді», — деп жазды Самал Кеуелова.

Серіктес жаңалықтары