Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды
20 тамыз 2026 13:05 / Новости Казахстана
Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Stan.kz дерегінше, Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ ешқандай қирау тіркелмегенін жеткізген.
Оқиғаға құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Оқ-дәрі бұған дейін кәдеге жаратуға дайындалған.
“Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери бөлім аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ”, – деп хабарлады ведомство.
Өрт ошағы оқшауланды. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
18 қараша 2026 18:17 / Новости Казахстана
Қызылорда көшелерін жарыс алаңына айналдырған сегіз жүргізуші жазаланды
18 қараша 2026 17:41 / Новости Казахстана
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін
18 қараша 2026 16:36 / Новости Казахстана
11 жастағы оқушы баспалдақтан құлап көз жұмды
18 қараша 2026 15:38 / Новости Казахстана
«Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары қамауға алынды
18 қараша 2026 14:13 / Новости Казахстана
Қазақ айтысы қара жамылды: белгілі ақын Әсия Беркенова өмірден өтті
18 қараша 2026 13:30 / Новости Казахстана