Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

18 қараша 2026 17:41 / Новости Казахстана

Қазақстанда жас ұрпақтың денсаулығын қорғау мақсатында энергетикалық сусындарды өндіруге, елге коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға қатаң тыйым салу туралы бастама көтерілді. Бұл туралы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Бекдайыр Нығметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қоғамдық бірлестік өкілдері балалар мен жастардың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің өте өзекті екенін атап өтті.

«Балаға қалдырар ең қымбат мұрамыз - дені сау болашақ. Әке ретінде де, азамат ретінде де ұрпағымыздың саулығына бейжай қарай алмаймын», - деді Бекдайыр Нығметұлы.

Негізгі талаптар мен ұсыныстар:

Энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта импорттауға және сатуға толық тыйым салу.

Үкіметтен бұндай сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына және жарнамасына шектеу қоятын арнайы заң жобасын әзірлеуді сұрау.

Серіктес жаңалықтары