Астана маңында 5 адам тіл тартпай кетті

22 маусым 2026 17:33 / Новости Казахстана

Ақмола облысында үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды

21 маусым күні сағат 14:56 шамасында Целиноград ауданындағы Астана – Қорғалжын автожолында, Оразақ пен Өтеміс ауылдарының аралығында жол апаты болды.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көлік қатысқан.

Соқтығысудан кейін екі Toyota көлігі өртеніп кеткен. Өрт толықтай сағат 15:35-те сөндірілді.

Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаларға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары