Атырауда TikTok эфирінде өзін «20 жылдан бері террористпін» деген әйелдер полицияға жеткізілді
4 қараша 2026 15:18 / Новости Казахстана
Атырау қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде екі әйелдің айтқан сөзіне байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ниқаб киген екі әйел эфир барысында көрермендердің сұрақтарына жауап берген. Сол кезде олардың бірі: «20 жылдан бері террористпін. Мені Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бәрі таниды», – деп мәлімдеген.
Сондай-ақ ол ҰҚК аккаунтын белгілемеуді сұрап, тікелей эфирлерін онсыз да бақылап отырғанын айтқан.
Осы жағдайдан кейін 38 және 39 жастағы екі әйел полиция бөліміне жеткізілген.
Оларға қатысты үш әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар әйелдермен теолог түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
4 қараша 2026 16:28 / Новости Казахстана
Астанада балабақша тәрбиеленушісін темір орындықпен ұрған: Полиция тергеуді бастады
4 қараша 2026 15:18 / Новости Казахстана
Атырауда TikTok эфирінде өзін «20 жылдан бері террористпін» деген әйелдер полицияға жеткізілді
4 қараша 2026 13:20 / Новости Казахстана
Балаларының көзінше әйелін өлтірген бұрынғы полицей 15 жылға сотталды
4 қараша 2026 12:36 / Новости Казахстана
Соттың есігін сындырған әйел 605 мың теңге айыппұл арқалады
4 қараша 2026 11:15 / Новости Казахстана
Өзбекстанда қазақ жігіттердің улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
4 қараша 2026 10:30 / Новости Казахстана