Астана жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталды

6 желтоқсан 2023 14:00 / Новости Казахстана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық жедел жәрдем стансасының басшысын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысы Мұрат Оразбаев ұсталды. 

«Қалған мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды» деп мәлімдеді агенттіктен.

Мұрат Оразбаев 1976 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог — дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жедел жәрдемнің үздік қызметкері» белгілерімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері. 

Серіктес жаңалықтары