Астанада 82 жастағы ер адам шөбересін зорлап сотталды

15 қаңтар 2026 16:44 / Новости Казахстана

Астана соты 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры мәлімдеді. Қылмыс былтыр сәуір айында баланың туған күнін тойлау кезінде жасалған. Күдіктіні туыстары қылмыс үстінде байқап қалған. Ал қария қашып кеткен. Алайда бір тәуліктен соң полиция оны ұстады.

Дина Смайлованың айтуынша, қыздың анасы 2025 жылдың 5-6 сәуіріне қараған түні оқиғадан кейін бірден баланы тексеруге апарған. Сонымен қатар, әулеттегілер қылмыскердің жасы үлкен деп, істі сотқа бермеуге көндірмек болған екен.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Жыныстық зорлық-зомбылық көрсету» бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Серіктес жаңалықтары