Астанада мерт болған марқұм фельдшердің күйеуі соттың әділ өтуін талап етті

20 қараша 2025 16:41 / Новости Казахстана

Астанада ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Келіншегінен айрылған Әділет Зейнел Threads желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол енді жұбайының өліміне қатысты іс бойынша тергеудің әділ өтуіне баса назар аударатынын мәлімдеді.

«Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнің иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып, дұға еттім, бәрін сабырға салдым. Ендігі менің талабым – соттың адал өтуі, тергеудің адал қаралуы. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алуы керек!», - деп жазды Әділет Зейнел.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлап, бірнеше адам жарақат алып, бір фельдшер көз жұмды. 

Серіктес жаңалықтары