Астанада үй құрылысына бөлінген ақшаны жымқырған адам сотталды

6 қазан 2025 19:22 / Новости Казахстана

Астанада тұрғын үй құрылысына бөлінген 2,6 млрд теңгені жымқырған кәсіпкер 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанада көппәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджет қаражатын иемденіп, талан-таражға салған «Дорстройтрест» ЖШС басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, оның аясында мердігерге 2,6 млрд теңгеаванс аударылған.

Тергеу барысында аванстың бір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалғаны анықталды. 650 млн теңге жалған келісімшарттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сот шешімімен 131 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

Серіктес жаңалықтары