Астанадағы LRT: Тіректерді толық тұрғызды

21 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды. Тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылады. Айта кетерлігі, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.

 

Серіктес жаңалықтары