Астанадағы наубайханада жарылыс болды
12 желтоқсан 2025 9:14 / Новости Казахстана
Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.
«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.
Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.
11 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
11 қарашада ауа райы қандай болады?
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана