Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Индонезияда ұсталды
24 ақпан 2026 18:40 / Новости Казахстана
ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марқұмдардың күйеу баласы Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері 8 қаңтарда табылды. Ал із-түзсіз кеткен екі бауырдан әлі хабар жоқ. Кісі өлтіруге марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп жарияланып, оған іздеу салынған еді.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана