Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр
9 наурыз 2024 10:00 / Новости Казахстана
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жария етті.
Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр.
"Өрттің жалпы аумағы 2500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды" делінген хабарламада.
2 қараша 2026 16:26 / Новости Казахстана
Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды
2 қараша 2026 15:19 / Новости Казахстана
400 млн теңге аударылған: Ақтөбеде есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен дропперлер тобы ұсталды
2 қараша 2026 13:11 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
2 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана
Астанада шетелдіктерден бір келіден астам есірткіге ұқсас зат тәркіленді
2 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
2 қарашада ауа райы қандай болады?
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана