Атырауда көшеде ұйықтап жатқан жерінен табылған бала туралы сұмдық дерек шықты
Көшеде картон қағаздың үстінде ұйықтап жатқан жерінен табылған 14 жастағы жасөспірімнің жағдайы туралы ресми ақпарат айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сәрсембаеваның айтуынша, қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бірақ баланың психикалық ахуалы нашар екен. Ол психологтарға әртүрлі оқиғаларды айтып, қарама-қайшы жауаптар берген.
Жасөспірім ұйқысыздық пен қорқынышты түстер көретініне шағымданған. Дегенмен, педагогтар соңғы күндері баланың сабырға келіп, мамандармен байланысқа шыға бастағанын айтқан.
Уәкілдің айтуынша, бала әкесіне өкпелі екен. Ол үнемі қозғалыссыз жататын анасының ауруына әкесін кінәлайды.
Айта кетейік, бұған дейін балалардың өз үйіне кіру үшін әкесіне темекі тауып беруге мәжбүр болғаны, ал үш жасар қарындасының үнемі ішімдікке салынған ата-анасының үйіндегі күмәнді адамдардың ортасында жүргені белгілі болған еді.