Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқандар 8 жылға сотталды
Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқандар 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан.
Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.
Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.
Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: